Айгерим 42
6 жыл бұрын · Омск

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ҚАЙДА ЖҮГІНУ КЕРЕК❓(ақпарат пайдалы болады деп үмі…

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ҚАЙДА ЖҮГІНУ КЕРЕК❓(ақпарат пайдалы болады деп үміттенемін ??) Көптеген мекемелер қазір карантинге байланысты қызметін тоқтатқан немесе шектегендіктен, көптеген астаналықтар емдеу, жерлеу және басқа да жағдайларда қайда жүгіну керектігін білмейді. ⠀ Астаналықтар әкімдіктегі коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа жүгіне алады. ⠀ Төмендегі тәсілдер арқылы байланысуға болады: 1. Электрондық поштаға жазу ccc@astana.kz; 2. Әкімдіктің ресми сайтына кіру: astana.gov.kz; 3. Telegram чат-ботына жазу (t.me/nursultanikomek109_bot); 4. iKOMEK109 немесе Smart Astana қосымшасы арқылы (PlayMarket/AppStore); 5. 109 телефонына қоңырау шалу ⠀ Өтініштер карантин аймағында жүрген, жеке мәселелері бойынша (жерлеу, емделу және т.б.) азаматтардан қабылданады. Өтініште міндетті түрде өтініш берушінің толық аты-жөні, ЖСН, өтініш себептері көрсетіліп, растайтын құжаттар және кері байланыс үшін телефон нөмірі көрсетілуі керек.
❤️ 1 ұнатулар 💬 0 жауаптар

Жауап бергіңіз немесе сұрақ қойғыңыз келе ме?

Бұл талқылау Supermoms Club қосымшасында — жүкті әйелдер мен аналардың ең үлкен қауымдастығында жүреді. Жауап беру, ұнату және мыңдаған анамен сөйлесу үшін орнатыңыз.

Мыңдаған ана Supermoms-та сөйлесіп жүр

Жүктілік күнтізбесі, толғақ санағышы, күнделік және тірі қауымдастық — қосымшада тегін.

Ұқсас талқылаулар